Қазаннан Қазақстанға қатынайтын тікелей әуе рейсі жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазаннан Қазақстанға қатынайтын тікелей әуе рейсі жоқ

19.12.2019

Қазаннан Қазақстанға қатынайтын тікелей әуе рейсі жоқ. Ал бұл елде бір жарым мың студент білім алып жатыр. Олар елге келу үшін Стамбулда бір күн қонуға немесе Мәскеу арқылы ұшуға мәжбүр. Билет құны 500 мың теңгеге жетіп жығылады. Студенттер сенаторлардан көмек сұрады.

Алматының қызы Ажар Әбдікәрім үйіне жету үшін алдымен Қазаннан Стамбулға ұшады. Одан соң Шымкентке барады. Жолына 1 жарым күн кетеді. Билет тым қымбат.

Темір жол қатынасы бар. Пойыз бағасы 60 мың теңгенің айналасында. Бірақ үш күн жүреді. Оған билет болмайды. Бұрын Қазаннан Алматыға да, елордаға да ұшақ қатынаған. Бірақ оның тоқтағанына екі жыл.

Бұл мәселе Татарстан президенті Рустам Миннихановқа да жетті. Басты себеп жолаушылардың аздығы екендігін айтады. Бірақ бұған қарамастан, татар елінің басшысы әуе қатынасын жандандыру ісін қолға алмақ.

Рустам Минниханов, тіпті келер жылы әуе рейсі қалпына келтіріледі деп уәде етті. Татарстан президенті таяуда Премьер-Министр Асқар Маминмен тап осы мәселені шешу үшін арнайы кездеспек. 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу