Шымкент мұнай өңдеу зауытын қайта құрылымдау аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкент мұнай өңдеу зауытын қайта құрылымдау аяқталды

19.12.2019

Шымкент мұнай өңдеу зауытын қайта құрылымдау жұмыстары толық аяқталды. Нәтижесінде өндірістен шығатын улы газдың құрамынан күкіртті бөліп алуға мүмкіндік туды. Сондай-ақ зауытқа жанар-жағар май октанын жоғарылататын изомерлеу және дизель отынын гидро тазалаудан өткізетін қондырғылар орнатылды. Озық технологияның арқасында зауыттың барлық өнімдері бұдан былай Еуро-4 және Еуро-5 халықаралық стандартының талаптарына сай болмақ.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу