Тәуелсіздік мерекесіне орай Семейде 40 отбасы баспаналы болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәуелсіздік мерекесіне орай Семейде 40 отбасы баспаналы болды

19.12.2019

Тұрғындарға қалада жаңадан бой көтерген Қарағайлы шағын ауданынан пәтер кілтін Үкімет басшысының бірінші орынбасары Әлихан Смайылов пен аймақ басшысы Даниал Ахметов тапсырды. Баспана алғандардың қатарында қолөнер шебері – Абылайхан Асылбай да бар. Қазақтың ұлттық өнерін дәріптеп жүрген азамат талай жылдан бері үйсіз жүрген. Қазақстанның «100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы. Оның ауыр жағдайы жайлы біздің арнаның өңірдегі тілшілері бірнеше рет материал дайындаған. Шеберге облыс басшылығы екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстады.

Ержан ЖАҚЫП

Хабарламаларға жазылу