Ташкентте құрылыс алаңында төтенше жағдай болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ташкентте құрылыс алаңында төтенше жағдай болды

19.12.2019
Ташкентте құрылыс алаңында  төтенше жағдай болды

Ташкентте толассыз жауған жауын-шашын салдарынан метро құрылысы кезінде жер опырылды.

Төтенше жағдай жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 10:00-де құрылыс жұмыстары кезінде болған. 250 текше метрге жуық жерде топырақ опырылған.

Құтқарушылар оқиға орнынан бес адамның денесін тапты — 1999 жылғы Д.Абдуллаев, 1986 жылғы А.Диеров, 1989 жылғы Ж.Равшанов, 1956 жылғы Т.Абдуллаев пен 1996 жылғы И.Рахматов.

Төтенше жағдайдың салдарын жою мақсатында Төтенше жағдайлар министрлігі мен мердігерлік құрылыс компаниялары жұмылды.

Podrobno.uz.

Хабарламаларға жазылу