Елордадағы үлескерлер мәселесі алдағы 4 жылда толығымен шешілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордадағы үлескерлер мәселесі алдағы 4 жылда толығымен шешілмек

18.12.2019

Елордадағы үлескерлер мәселесі алдағы 4 жылда толығымен шешіледі. Ал бас қаладағы басты қауіп – ашық жатқан құдықтар. Бүгін қала әкімі Алтай Көлгінов жылды қорытындылады.

Елорда да 14 мың адам алданып, армандаған баспасанасын ала алмай жүр. Құрылыс компаниялары олардың алдын ала ақшасын сыпырып, артынша сан соқтырып отыр. Заңсыздық көп. 32 нысанның жобалық-сметалық құжаты мен мемлекеттік сараптамасы мүлде болмаған. 26 нысан бойынша қаржылық және техникалық аудит жүргізілмеген. Олқылық жетеді. Сонда жауаптылар қайда қарап отыр? Онысы беймәлім. Бірақ соңғы әкім сол проблеманы біржақты қылатынын айтты.

Бас қала болса да аңдап баспасаң қауіп көп. Құдыққа құлап мертігіп жатқандар көп, әсіресе жеткіншектер жиі құрбаны болды. 102 мың шұңқыр қараусыз жатыр. Соның тек 25 мыңына тор орнатылған. Енді кәсіпкерлер қосымша дабыл құрылғысын бекітуге ұсыныс жасапты. Сондай-ақ қаладағы электр энергиясы мен кәріздік 680 желі ешкімнің меншігінде емес. Осы шаруалар қазір пысықталып жатыр. Әкім әлеуметтік нысанға да назар аудартты. 115 мектептің 14 -де бала саны артық, 8-і үш ауысымды. Мәселені мемлекеттің қаржысына иек артпай -ақ шешуге болады.

Қала үлкейген сайын, көлік кептелісі көбейді. Соңғы 10 жылда автомобиль саны 200-ден 500 мыңға артқан. Сол себепті Қабанбай батыр даңғылын 8 жолақты ету жоспарланған. Оң жақпен Есілдің сол жағалауын қосатын тағы 3 көпір салынады.

Нысаналы ЫҒЫЛ


Хабарламаларға жазылу