Б.Сапарбаев Жаңаөзендегі әлеуметтік нысандарды аралады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Б.Сапарбаев Жаңаөзендегі әлеуметтік нысандарды аралады

18.12.2019

Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Жаңаөзен қаласындағы әлеуметтік бағдарламалардың орындалу барысымен танысты. Шаһардың экономикалық ахуалын арттырып, жаңа жұмыс орындар ашу мақсатында бірнеше жоба қолға алынған. Соның бірі —индустриялдық парк. Мұнда шикізаттық емес саланы дамыту бойынша ондаған жоба іске асырылып жатыр. Алдағы жылдары жүздеген жаңа жұмыс орындары ашылмақ. Бердібек Сапарбаев құрылысы ұзаққа созылған медициналық нысан бойынша да нақты ұсыныстар енгізіп, тезірек қолданысқа беруді тапсырды. Сондай-ақ вице-премьер халықтың сұрақтарына жауап беріп, жәрдемақы, жалақы, жұмыспен қамту, білім, денсаулық салалары бойынша жүзеге асып жатқан әлеуметтік бағдарламаларды түсіндірді.

Ербол МӘНДІБЕК


Хабарламаларға жазылу