Қала әкімдігі Тәуелсіздік күні қарсаңында осындай сыйлық жасауды жөн көріпті. Тұрғын үй кешені «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында бой көтерген. Ал, пәтерлерге құжат қабылдау қараша айында жүргізілді. Айта кету керек, баспана Елордада жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз беріледі. Бұған қоса, пәтер кілтін көп балалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі жандар да алды.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ