Торғайда газ балоны жарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Торғайда газ балоны жарылды

18.12.2019

Қостанай облысындағы Жанкелдин ауданының орталығы Торғайда газ балоны жарылып төрт адам мерт болды. Байқадамов көшесіндегі нөмірі 2-ші үйде ағайынды жігіттер отбасымен тұрған. Қаза тапқан олардың анасы, үлкенінің әйелі және екі бала. Тағы үш баланы отағасы құтқарып үлгеріпті. Інісінің әйелі өртенген үйден өз бетінші шыққан. Алайда олардың бәрі қатты күйген. Әсіресе, денесінің 70 пайызын от шалған ер адамның халі ауыр. Жарылыс болған уақытта жұмыста болған оның інісі ғана өрттен зардап шекпеген. 

Дәуренбек ӘБДІБЕК 



Хабарламаларға жазылу