Мемлекет басшысы Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Ақ Ордада мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар табыстағаны мәлім.«Қазақстанның Еңбек Ері» атағы ұлттық мәдениетті дамытуға қосқан айрықша үлесі, ән өнерін насихаттаудағы ерекше еңбегі үшін Роза Рымбаеваға берілді. «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы сонымен бірге «Жезқазғантүстімет» кен өндірістік кешенінің ұңғылаушысы Тұрсынбек Макишевке тапсырылды. Негізінен еңбек адамы, өнер мен мәдениет даралары марапатталған жиында мысалы, Төлен Әбдік сынды жазушының болғанына «дұп-дұрыс» дейсің. Бұл дүниеде ешкім ештеңені өзімен бірге ала кетпейді екен-ау. Жақсылық істесең де, жаманшылық істесең де – бәрі осы дүниеде қалады. Біреулер соның не азабын, не рақатын көреді, - деп сәбет кезінде жазған жазушыны «мылтықсыз майданның» парасатты жауынгері көреміз.