«Ауыл» партиясы «Еңбек озаттарын» марапаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ауыл» партиясы «Еңбек озаттарын» марапаттады

13.12.2019

 «Ауыл» халықтық демократиялық партиясы «Еңбек озаттарын» марапаттады. Нұр-Сұлтан қаласында өткен форум барысында партияның 190 мүшесі мемлекеттік және ведомствалық наградаларға ие болды.

Олардың ішінде «Құрмет», «Шапағат», «Ерен еңбегі үшін» және «Президенттің құрмет грамотасына» ұсынылғандар бар. Еңбегі еленіп, сый-сыяпатқа бөленгендердің барлығы ауыл шаруашылығының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген азаматтар. Бұл құрмет қоғамдағы еңбек адамының мәртебесін көтеріп, жұмысшы мамандықтарға деген оң көзқарас қалыптастыратындығы анық.

Амангелді СЕЙІТХАН


Хабарламаларға жазылу