Президент пен Елбасы «Астана опера» театрында өткен салтанатты шараға қатысты

13.12.2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты концертке барды. «Тәуелсіздікке тағзым» деп аталған кеш «Астана опера» театрында өтті. Онда еліміздің опера әншілері, хореографиялық топтар, симфониялық оркестр мен өзге де танымал әртістер өнер көрсетті.

Альбина ӘШІМ


Хабарламаларға жазылу