Мемлекеттік хатшы Қ.Көшербаев сала үздіктерін марапаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік хатшы Қ.Көшербаев сала үздіктерін марапаттады

12.12.2019

Сондай-ақ Ақордада мәдениет, ғылым, білім, денсаулық сақтау салаларының қайраткерлері марапатталды. Салтанатты рәсімді Президент тапсырмасы бойынша Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев өткізді. Тәуелсіздік күні қарсаңында жоғарыда аталған салаларға қосқан үлесі үшін ғалымдар мен дарындар мемлекеттік наградалар мен сыйлықтарға ие болып отыр. Ресми шарада сөз сөйлеген Қырымбек Көшербаев бұл марапаттар — елімізді әлемдегі парасатты әрі бәсекеге қабілетті мемлекетке айналдыруға атсалысқан еңбекке берілген баға екендігін атап өтті. Ал ғалымдар болса, қазақ елі үшін елеулі мереке қарсаңында ұжымдық жұмысқа құрмет көрсетілгеніне дән риза.

 Альбина ӘШІМ


Хабарламаларға жазылу