2020 жылы 1 АЕК 2 651 теңгеге тең болады.
Ең төменгі жалақы – 42 500 теңге.
Базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеуде қолданылатын ең төменгі күнкөріс деңгейі – 31 183 теңге.
Ең төменгі зейнетақы (2018 жылы тағайындалған адамдар үшін) - 38 636 теңге.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 16 839 теңге;
Соғыс ардагерлеріне берілетін жәрдемақы - 42 426 теңге (16 АЕК).
II Дүниежүзілік соғысқа теңестірілген және мүгедектер алатын жәрдемақы - 20 016 теңге (7,55 АЕК)
II Дүниежүзілік соғыcтың қатысушыларына теңестірілген адамдарға - 16 410 теңге (6,19 АЕК).
Соғыс кезінде қайтыс болған жауынгерлердің жесірлеріне берілетін жәрдемақы - 11 877 теңге (4,48 АЕК).
Жерлеуге арналған жәрдемақы - 41620 теңге (15,7 АЕК).
II Дүниежүзілік соғыcтың мүгедектері мен қатысушыларын жерлеуге арналған жәрдемақы - 97 027 теңге.
«Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлеріне, «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналарға табысына қарамастан төленетін ай сайынғы жәрдемақы - 16 мың теңге.