Президент Сексеуіл кентіндегі балалардың мәселесін шешуді тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Сексеуіл кентіндегі балалардың мәселесін шешуді тапсырды

12.12.2019
Президент Сексеуіл кентіндегі балалардың мәселесін шешуді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Сексеуіл кентіндегі теміржол жағалап жүрген балалардың мәселесін шешуді тапсырды. Бұл туралы Президент Twitter-дегі парақшасында жазды. 

«Egemen Qazaqstan» газетіндегі «Теміржолды жағалап топ бала жүр» атты мақаладан Сексеуіл кентінде 360 бала күнделікті мектепке бару үшін 13 рельсті кесіп өтетінін оқыдым. Бұл – өте өзекті мәселе. Оны шешу үшін Үкімет нақты шаралар қабылдауы қажет», - деді Қ.Тоқаев.

Хабарламаларға жазылу