«Астана-ел экономикасы дамуының локомотиві». 22 жыл бұрын астананың Алматыдан Арқаға ауысқан кезінде Елбасы айтқан бұл сөз толық дәлелденді. Қазір Нұр-Сұлтан қаласы экономикалық дамуы қуатты өңірлердің көш басында тұр. Ел экономикасын алға сүйрер күшке айналды. Елорда — халықаралық қаржы орталығы.
Нұр-Сұлтан қаласының әрбір үшінші тұрғыны кәсіпкерлікпен айналысады. 750 мың бизнес субьектісі тіркелген. Елорданың Еуразия құрлығының ортасында қолайлы орналасуы сауда-саттықты, алыс-беріс пен кіріс-шығысты арттыруға жол ашады. Яғни Қазақстанның бас қаласынан шыққан өнім ел ішіне ғана емес, Еуропа мен Азияға да кедергісіз тасымалдануда. Елімізде жұмыс істеп жатқан 87 мың инвестордың тең жартысы Астана маңына шоғырланған.
Ел экономикасы 2001 жылдан бастап жылына орта есеппен 10 пайызға артып отыр. Бұл өте үлкен әрі жедел өсім. Соның нәтижесінде Қазақстан әлемнің ең серпінді дамып келе жатқан елдерінің қатарына кірді. Тәуелсіздіктің 28 жылындағы экономикалық, әлеуметтік қуатты реформалардың игілігін әрбір қазақстандық сезініп отыр.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ