Алаш қайраткері С.Сәдуақасовтың бейітіне гүл шоқтары қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алаш қайраткері С.Сәдуақасовтың бейітіне гүл шоқтары қойылды

11.12.2019

Ұлт қайраткеріне тағзым. Бүгін елордада зиялы қауым өкілдері мен ғалымдар және жұртшылық өкілдері алаш қайраткері Смағұл Сәдуақасұлының бейітіне барып баба рухына құран бағыштады. Ол 1933 жылы Мәскеуде жұмбақ жағдайда қаза тапты. Ал кеңес билігі денесін крематорийде өртеп жіберген. Тек 2011 жылы оның сүйегінің күлі атамекенге әкелініп, зиратқа қойылды. Отаншыл тұлға еліміздегі алғашқы жастар ұйымының негізін де қалаған. Советтік отарлау жүйесіне қарсылық көрсетіп, аз ғана ғұмырында елдің қамы үшін күресіп өтті. Келесі жылы Смағұл Сәдуақасұлының туғанына 120 жыл толады. Осыған орай көпшілік оның туған жері Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданына оның атын беру керек деп есептейді.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу