«Менің Қазақстаным» пойызы шалғай ауылдарға жол тартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Менің Қазақстаным» пойызы шалғай ауылдарға жол тартты

11.12.2019

Атырауда «Менің Қазақстаным» атты ақпараттық үгіт-насихат пойызы шалғай ауылдарға жол тартты. Мақсат – тәуелсіздік тағылымдарын насихаттау және әр азаматқа медициналық, құқықтық көмек көрсету. «Нұр Отан» партиясы мұрындық болған шара Атырау вокзалында «Менің туым, менің Отаным» патриоттық акциясымен басталды. Арнайы топ құрамында түрлі саладан 20-ға тарта маман бар. Олар разъезд, станцияларға тоқтап, тұрғындармен жеке кездеседі. Қажет жағдайда көмек те көрсетпек. Пойыз бір апта бойы 7 ауылды аралайды.

Жандос ТЕМІРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу