Геологияны дамытудың Жер қойнауын геологиялық барлау саласында мемлекеттік бағдарламасы жоқ. Бұл саланы дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын жүзеге асыруға кедергі келтіреді. Басымдықтар мен көрсеткіштерді айқындау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жеткіліксіз. Көмір, темір, мырыш, мыс, мұнай, газ конденсаты және хром секілді Қазақстан экономикасы үшін маңызды табиғи байлықтың қоры толықтырылмай отыр. Геологиялық барлауға және жер қойнауын пайдалануға бөлінген республикалық бюджет қаражатының және квазимемлекеттік сектор активтерінің пайдалануына жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінде осындай олқылықтар анықталды.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ