Украинаның бұрынғы президенті Петр Порошенконың үстінен Украинаның мемлекеттік тергеу бюросы мемлекетке опасыздық жасады деп қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Виктор Януковичтің кезінде Іс Басқармасы басшысының бірінші орынбасары болған, қорғаушы Андрей Портнов хабарлады.
Шағымға Порошенконыцң «Норманд төрттігі» көшбасшыларымен келісіп, Ресей-Украина шекарасындағы Донбасста сайлау аймақты бақылау құқығын Киевке бергенге дейін өту керек деп мәлімдеме жасағаны себеп болған. Портновтың сөзінше, мұны мемлекетке опасыздық жасау фактісі деуге болады.
Мемлекеттік тергеу бюросы Порошенконың үстінен бұған дейін де осындай айыппен іс қозғаған. Ол кезде де Портновтың шағымы себеп болған. Қорғаушы экс-президентті Керч бұғазына жіберілген теңіз әскерін әдейі құрбан етті деп айыптаған. Кейін Портнов Бас прокуратураның істі жапқанын мәлімдеген еді.
Естеріңізге сала кетейік, Украинаның бұрынғы президенті бұған дейін 20-ға жуық қылмыстық істе тергеу жұмыстарына шақырылған, көпшілігінде куәгер ретінде сұраққа алынған.
ria.ru