Димаштың Нью-Йорктегі жеке концертіне санаулы сағаттар қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Димаштың Нью-Йорктегі жеке концертіне санаулы сағаттар қалды

10.12.2019

10 сағаттан кейін Димаш Құдайбергеннің Нью-Йорктегі концерті басталады.

«Арнау» атты шығармашылық кеш АҚШ-тағы атақты Barclays Center аренасында өтеді. Әзірге концерттің қалай болатынын ұйымдастырушылар барынша құпия ұстауда. Өйткені әлемнің 51 елінен келген жанкүйерлерге ерекше шоу ұсынылмақ. Ал бүгін дүниежүзінен Димаш үшін АҚШ-қа жиналған жанкүйерлер бір-бірімен кездесті. Танысып, кеш барысында Димашты сүйемелдеп тұратын музыкалық команданың өнерін тамашалады. Айта кетейік, Димаш концертте 4 тілде ән шырқайды. Кешке сұраныстың көп болуына байланысты 7 мың орындық аренаға тағы да екі мың орын қосылған.

Жайнагүл Төлеміс


Хабарламаларға жазылу