Елімізде әлеуметтік салаға қомақты қаржы бөлінбек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде әлеуметтік салаға қомақты қаржы бөлінбек

22.02.2017
Бұл туралы ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Жамбыл облысындағы қаржы саласының мамандарымен кездесуде мәлімдеді. Ал, әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз етуге бюджеттік шығыстардың 94 пайызы қаралмақ. Министр ол қаражат жұртшылыққа медициналық көмек көрсету мен білім беру, әлеуметтік нысандардың құрылысы мен арнаулы төлемдерге жұмсалатынын айтты. «Қазақстан халқының әлеуетін сапалы деңгейге көтеру - баршамыздың басты мақсатымыз», - деді министр.

Сондай-ақ, салық және кедендік рәсімдерді оңтайландыру, кәсіпкерлік кеңістік пен мемлекеттік сатып алу жүйесінің ашық болу керектігіне мән берілді.

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

Хабарламаларға жазылу