Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрі Адам Войтех хабарлады.
Оқиға Острава қаласындағы университеттік емдеу мекемесінде таңғы сағат жетілерде болды. Бәз біреу ғимаратқа кіріп, күту залында отырғандарға оқ атқан. Соның салдарынан 4 адам оқиға орнында қаза тауып, екеуі ауыр жараланды. Дегенмен дәрігерлер олардың өмірін құтқарып қала алмады. Қазір полиция шабуылдан соң ізін суытып үлгерген күдіктінің суретін жариялап, іздеу салып отыр. Оның қылмыстық әрекетке не себепті барғаны әзірге белгісіз. Оқиға орнына аттанған ел премьер-министрі Андрей Бабиш пен Ішкі істер министрі Ян Хамачек тұрғындарға сақ болуды ескертті.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ