Атырау облысына қарасты Құрманғазы ауданында, 40 жастан асқан екі тұрғын суға батып кетті. Қаза тапқандар Жұмекен ауылынан Подхоз елдімекеніне Шарон өзені арқылы өтпек болған. Сол сәтте жұқа мұз ойылып кеткен. Ұялы телефондары ұзақ уақыт өшіп тұрғасын, туыстары өзен бойынан өз беттерінше іздеген. Кейін жоғалған бір азаматтың бас киімі су бетінен табылған бетте дереу полиция бөліміне хабарланған. Бүгінде марқұмдардың мүрдесі сарапатамаға жіберілді.
Жандос ТЕМІРҒАЛИ