Сапалы етпен қаланы қамтып отырған шаруа - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сапалы етпен қаланы қамтып отырған шаруа

10.12.2019

Қызылордалық шаруа Ерболат Ырсалиев тоқсаныншы жылдары 5-6 бас төлмен кәсібін бастаған. Бүгінде бордақылау алаңын ашып, 400 бас төрт-түлікті баптап отыр. Қала халқына сапалы ет өнімін ұсынған шаруашылықтың жұмысын тілшіміз көріп қайтты.

«Ақ барыс» шаруа қожалығы ата кәсіпті өрістеткен қаладағы ірі шаруашылықтардың бірі. Үлкен қоражайда төрт-түліктің бәрі бар. Бордақылау алаңында 400-ден астам мал күтіп-бапталуда. Бейнеті көп шаруаны дөңгелетіп отырған қожалық иесі басшымын деп қарап отырған жоқ. Жұмысшылармен бірге қайнаған тіршіліктің ортасында. 

 Әділбек СЕРІКҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу