Сирия проблемасын шешуге бағытталған «Астана процесінің» кезекті мәжілісі басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сирия проблемасын шешуге бағытталған «Астана процесінің» кезекті мәжілісі басталады

09.12.2019

14-ші раунд. Ертең елордада Шам еліндегі жағдайды тұрақтандырып, келіссөзге шақырған «Астана процесінің» кезекті мәжілісі басталады. Оған барлық тарап қатысуға ниет білдірген. Сирияның үкіметі мен қарулы оппозициясы бүгін Қазақстанға келді. Сонымен қатар Ресей, Түркия және Иран елдерінің делегациялары дөңгелек үстел басына жиылады. Бұл жолы террорлық топтармен күресті аяқтау, қарапайым халыққа гуманитарлық көмек және босқындарды қайтаруға жағдай жасау сынды мәселелер талқыланады деп жоспарланған.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу