Ақмола облысында 30-дан астам көлік қар құрсауынан шығарылды. Шамамен 130 адам қауіпсіз жерлерге жеткізілген. Ал 220-ға жуық жолаушы жылыту орындарына апарылды. Аймақта 6-8 желтоқсан аралығында боран, көктайғақ болып, салдарынан бірнеше бағыттағы тас жолдар жабылды. Алайда, ескертуді елемей жолға шыққандар азаймай тұр. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары мал іздеп шыққан тұрғынды және 3 тракторды тізгіндеген жұмысшыларды боранды күні аман-есен тапты. Қыстың қаһары әлі алда. Сондықтан мамандар тұрғындарға сақтық шараларын сақтауға, ескертулерге назар аударуға кеңес береді.
Ермек ЕЛБЕРГЕН