Шымкент теміржол вокзалында билеттерді жасырын жолмен сататын делдалдардың саудасы қызып тұр. Вокзал маңын торуылдаған пысықайлар ақысына келіссеңіз кез-келген күнге, барлық бағыттағы поезға билетті әп-сәтте тауып береді. Ал желтоқсан айындағы мерекелік демалыс күндерін пайдаланып сапарға шыққысы келген жұрт пен ауылын сағынған студенттер кассадан билет таппай сандалып жүр. Осыған байланысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және көлік бақылау инспекциясы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен рейдтік тексеру жүргізді.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ