Қазақстанның мегаполистері - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның мегаполистері

09.12.2019
Қазақстанның мегаполистері

Алматы — Қазақстанның ең ірі мегаполисі. Ғылыми, білім беру, мәдени, тарихи, экономикалық, қаржылық, банктік және елдің индустриялық орталығы болып табылады. Қаланың аты, Алматы, «алма қаласы» деп аударылады.

1. 1981 жылы 19 желтоқсанда Алматының миллионыншы тұрғыны өмірге келді. Ол — Бауыржан Қадырсизов;

 2. Халық саны – 1 млн 722 мың 100;

3. Орташа айлық – 187 мың 292 теңге;

4. Алматыда әлемдегі ең биік мұз айдыны Медеу бар. Биіктігі - 1691 метр.

Екінші ең ірі мегаполис — Нұр-Сұлтан қаласы. 

1.  Халық саны: 1078362 адам (2019) 

Аумағы: 72,2 мың гектар

2. 1998 жылы ЮНЕСКО шешімі Нұр-Сұлтан қаласын «Бейбітшілік қаласы» деген атауға сай деп танып, медальмен марапаттады.

3. Бразилияда өткен дүниежүзілік байқауда әлем бойынша 12 жас қаланың ішінен Астана жоғары атақты иеленді.

4. Нұр-Сұлтан — Азия елдерінің ішіндегі солтүстікте орналасқан қала. Нұр-Сұлтан– әлемдегі суық астаналардың қатарында.

Ұлан-Батор қаласынан жылырақ, ал Оттавадан суық.

5. Әлемдегі екі елдің астанасы Солтүстік Мұзды мұхит бассейнінде орналасқан. Моңғолия астанасы Ұлан-Батор қаласы Енисей, ал Нұр-Сұлтан Есіл өзенінде орналасқан.

6.  Қала жобасымен атақты жапон сәулетшісі Кисе Курокава айналысты.

Үшінші ірі мегаполисіміз — Шымкент. 2200 жылдан астам тарихы бар Қазақстанның ең ескі қаласы. Бұл фактіні археологтардың өзі растаған. Бір ерекшелігі, мұнда жылына 300 күнге дейін күншуақты ауа райы сақталады. Қысы жылы, жазы өте ыстық және ұзақ болатын Қазақстанның ең шырайлы өңірі.

1. Шымкент аумағы және халық саны бойынша республикада үшінші орын алатын қала. 

2. Халық саны — 1 022 449.

3.  Миллионыншы тұрғын - 2018 жылдың 17 мамарында дүниеге келді. 

Шымкенттің қалалық алаңы Мәскеудің аумағымен бірдей.

2017 жылы Шымкенттің аумағы 117 мың гектарға дейін кеңейіп, тіпті Мәскеуден асып түсті. Міне, шымкенттіктер өңірдің осы артықшылығын да мақтан тұта алады.

4. Елде көшелерінің ұзындығы бойынша абсолюттік рекорд орнатқан қала. Облыс орталығында 2000-ға жуық көшелер бар, олардың көпшілігі қазақ батырлары мен мәдениет қайраткерлерінің және ғалымдардың есімімен аталған. Көшелердің жалпы ұзындығы 2100 километрді құрайды.

5. Шымкент – демографиялық тұрғыдан көшбасшы ғана емес, елдегі егіздердің саны бойынша бірінші орын алатын қала. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, соңғы 10 жылда Түркістан облысында жеті мыңнан астам егіз және 81 үшем туылған. Жыл сайын аймақта шамамен 800 жұп егіз дүниеге келеді.


Хабарламаларға жазылу