Елордада «Jastar Sinergiiasy» республикалық форумы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «Jastar Sinergiiasy» республикалық форумы басталды

09.12.2019

Жас стартапшылардың тырнақ алды туындыларын ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев өзі көріп, бағасын берді. 4 ай ішінде www.jastarsinergiіasy.kz білім беру платформасында 2000-ға жуық адам веб дизайн, киберқауіпсіздік, онлайн қызмет көрсету, smartcity, инвесторларды тарту және сайт құрастыруға қатысты тақырыптарда дәрістер алды. Одан кейін дәріс алушылар өз жобаларын республиканың 17 аймағында ІТ-жобалар аллеясында ұсынды. Еліміздің әр түкпірінен барлығы 350-ден астам ІТ-жоба жиналды. Айта кетсек, форум аясында биыл мамыр айында бастау алған жобаның 60-тан астам финалисі өз жұмыстарын көрсетті. 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу