Мемлекеттік қызметші қандай болуы керек? Әділ, қарапайым, кәсіби білімді, адал және парасатты. «Елге қызмет ету мінезден» атты республикалық байқауына қатысушылар осылай дейді. Сайыс мемлекеттік қызметшілер арасында моральдық-әдептілік құндылықтарды насихаттап, олардың шығармашылығын дамытуды көздейді. Оған 200 адам қатысты. Жеңімпаздар «Үздік эссе», «Үздік бейнеролик», «Таңдаулы ұсыныс» номинациялары бойынша марапатқа ие болды.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ