Елімізде психо-әлеуметтік демеудің жаңа 10 стандарты бекітілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде психо-әлеуметтік демеудің жаңа 10 стандарты бекітілді

09.12.2019

ВИЧ дертін жұқтырған және созылмалы ауруларға шалдыққан балалардың денсаулығын бақылап қана қою жеткіліксіз. Оларға психологиялық тұрғыда да көмек көрсетілуі тиіс. Бірақ елімізде ондай мамандар тапшы. Осыған орай ЮНИСЕФ қорының қолдауымен елімізде психо-әлеуметтік демеудің жаңа 10 стандарты бекітілді. Бұл ережелер батыстық тәжірибе жүзінде пісіп-жетілгенімен, жергілікті жердің менталитетіне сәйкестендіріп өзгертілген. Айта кетейік, республикада СПИД-пен ауыратын 531 бала тіркелген. Сондай-ақ гепатит, туберкулез, диабет сияқты созылмалы аурулармен ауыратын науқастар бар. Жаңа модульге сәйкес психологиялық әңгіме жүргізетін мамандар әр өңірді қамтуы тиіс.  

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу