Германияға екі елдің арасында алтын көпір салуға келдім - Қ.Тоқаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германияға екі елдің арасында алтын көпір салуға келдім - Қ.Тоқаев

08.12.2019

«Мен Германияға екі елдің арасында алтын көпір салуға келдім. Бізге сіздердің инвестициялар қажет. Германия басшыларына анық айттым: біз экономикамызда неміс инвесторларының көбірек болғанын қалаймыз». Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапарының лейтмотивін өзі сипаттап берді. Және бұл болашақ үшін алаңдаған белсенді азаматтан бастап, бәрі үшін қатты уайымға салынбайтын қарапайым қоғам мүшесіне дейін түсінікті, әрі «иә, дәл солай» дейтін тұжырым. Мәселе Еуропаның бірінші экономикасы саналатын мемлекеттің мызғымас қалпында екені белгілі. Оның ірі компанияларының бізге инвестициялар құюы, біздің жерімізде дайын өнім шығаруы аса маңызды. Ал Германияның біздің экономикамызға инвестиция салатындардың арасында 12 орында тұруы онша емес. Бізге, әрине. Дегенмен, ең маңыздысы – бюрократтық кедергі келтірмеу және үйрену. Тәртіпке. Жұмыс істеу тәртібіне, сосын ең қымбаты – уақыт екеніне.

Альбина ӘШІМ


Хабарламаларға жазылу