Құмар ойынның құрығына кімдер ілігеді?

07.12.2019

2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында құмар ойындар мен бәс тігуге 3,1 миллиард теңге жұмсалған. Үш айда, бұл қорқынышты ақпарат. Өйткені ойынханаға барып от басу бөлек, ғаламтор арқылы бәс тігіп басына бәле тапқандардың саны күн санап артып барады біздің елде.

Букмекерлік кеңселер мен ойынханалардың құрбандарын тізімге тізудің өзі машақат, өйткені олар миллиондап саналады. Жұмсалған ақшаны есептесең кей мемлекеттердің жылдық бюджетінен асып түспесе кем емес. Құмарға құмартқандар қоғамды бұзбасын деп уағында оларды орталықтан оқшаулағанымыз естеріңізде шығар. Жалт-жұлт етіп жұртты арбаған ойынханалар Қапшағай мен Бурабайға қуылып еді. Қуылғанын қайтейік қазір олар құлпырып тұр.

Азамат БЕЙБІТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу