«Қазақстан тәуелсіздігі және Елбасы» атты бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің халықаралық байқауының жеңімпаздары марапатталды. Әлем таныған жас мемлекеттің дамуы, Елбасы саясаты мен жасампаз идеяларын шығармаларына арқау еткен журналистер арасында шетелдік тілшілер де бар. Биыл конкурсқа Ресей, Германия, Жапония, Әзербайжан және Түркия елдерінен 33 жұмыс ұсынылған. Олардың арасынан үздіктер іріктеліп, түрлі номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды.
Рустам Гасымов, байқау жеңімпазы /Әзербайжан/:
Мен бүгін бауырлас Қазақстан еліне келгеніме, жоғары марапатқа ие болғаныма өте қуаныштымын. Қатты толқып тұрмын. Мен биыл маусым айында Нұр-Сұлтан қаласына бірінші рет келген едім. Сәулеті келіскен шаһар мені таң қалдырды. Замануи үлгіде салынған ғимараттар, көрнекі орындар мен әсем табиғат, әрине, сосын қазақ халқының қонақжайлылығы мені тәнті етті. Ал Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың елге сіңірген еңбегі баршаға белгілі. Оның барлығын бір мақалаға сыйғызу мүмкін емес. Бірақ барынша тырысып, алған әсерімді бейнелеп жеткізуге тырыстым.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ