Парижде шерулер қақтығысқа ұласты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Парижде шерулер қақтығысқа ұласты

06.12.2019

Ал Парижде Президент Эмманюэль Макронның зейнетақы реформасына қарсы шерулер қақтығысқа ұласты. Полицейлер қала орталығына жиналған демонстранттарды тарату үшін көзді жасаурататын газ қаруын қолданған. 

Елдің Ішкі істер министрлігі таратқан мәліметке қарағанда, манифестациялар 30 қалаға тарап, оларға 800 мыңнан астам адам қатысты. Бір Париждің өзінде 65 мыңдай тұрғын көшеге шыққан. 

Қарсылық акциясына теміржолшылар, мұғалімдер, дәрігерлер де шықты. Соның салдарынан ел астанасында пойыздар мен метро станциялары тоқтап, мектептер жабылды. 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу