Қазақстан Президенті Германияның бұрынғы канцлері Герхард Шрёдермен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан Президенті Германияның бұрынғы канцлері Герхард Шрёдермен кездесті

06.12.2019

Тараптар Қазақстан мен Германия ынтымақтастығының көкжиегін кеңейтіп, іскерлік әріптестікті нығайту мәселелерін талқылады. Герхард Шрёдер Қазақстанның неміс инвесторларын тарту бойынша бастамаларына оң бағасын беріп, Қасым-Жомарт Тоқаевқа екі елдің ортақ жобалары бойынша өз ойларын айтты. Ал қазақ басшысы Германия кәсіпкерлерімен серіктестік жемісті болуы үшін барынша қолайлы жағдай жасауға сөз берді.

Альбина ӘШІМ


Хабарламаларға жазылу