Өскеменде салықтан жалтарған азаматтардың көлігі айыппұл тұрағына қойылып жатыр. Қараша айының 11-нен бастап Қалалық кірістер басқармасы сот орындаушылар және полиция қызметкерлерімен бірлесіп арнайы рейд өткізуде. Бүгінде көлік салығын төлемеген өскемендіктердің берешегі 196 миллион теңгеден асып кеткен. Ал жыл басында бұл сома жарты миллиардқа жуықтаған. Борышкерлер жаяу қалған соң салықты тезірек төлеуге асығатындығын айтады мамандар. Бұл акция жыл соңына дейін жалғасады.
Берік КӨШЕРБАЙ