Ұлттық спорт түрлерінің ережелері қайта қаралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық спорт түрлерінің ережелері қайта қаралды

05.12.2019

Бұған дейін дау тудырған кейбір мәселелерге түбегейлі нүкте қойылды. Елордада өткен Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының алқа мәжілісінде қазаққа тән спорт түрлерін әлемдік деңгейге көтеру мәселелері көтерілді. Жиын соңында келер жылы өтетін көшпенділер ойындарына, көкпар мен жамбы атудан әлем чемпионатының дайындығын күшейтуді тапсырды қауымдастық басшысы Бекболат Тілеухан. Және Көкпар, Аударыспақ, Теңге ілу, Садақ ату федерацияларының президенттері тағайындалды. Мәжіліс соңында ұлттық спортқа ерекше еңбегі сіңген жандарға арнайы алғыс жарияланып, сыйлықтар табыс етілді. 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу