Көші-қон мәселелеріне қатысты дөңгелек үстел өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көші-қон мәселелеріне қатысты дөңгелек үстел өтті

05.12.2019

Бақылаусыз жаһандық көші-қон мәселесі Қазақстанды айналып өткен жоқ. Біздің ел транзиттік, межелі, ал кейінгі кезде көшіп-қонушылардың үшінші елге шығу жолағы ретінде танылды. Сондықтан халықаралық және өңірлік деңгейде деректерді жинаудың бірыңғай тәсілдерді қалыптастыру қажет. Осы және басқа да өзекті мәселелер «Қазақстандағы көші-қон: Проблемалар, тенденциялар, перспективалар» атты республикалық дөңгелек үстел отырысында талқыға түсті. Жүгенсіз кеткен көші-қонмен байланысты проблемаларды болжау және шешу үшін миграциялық ағынға мониторинг жүргізудің нақты тетіктері сөз болды. «Қазақстан мигранттардың заңды құқықтарын құрметтеуге және жаһандық әрі аймақтық деңгейде өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі. Сондай-ақ көші-қон ағынын реттеуге өз үлесін қосуға ниетті. Қазақстан егемендік алғалы 1 млн 70 мың қандас тарихи отаны Қазақстанға көшіп келген. 2020 жылы Қазақстанға 2100 адам көшірілмек.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу