Америкалық теңізші Гавайдағы әскери базада екі адамды мерт қылып, өзін де атып тастады. Оқ тиген үшінші адам ауруханада жатыр. Оның жағдайы қалыпты.
Оққа ұшқандардың барлығы – АҚШ Қорғаныс министрлігінің әскери емес, азаматтық қызметкерлері. Теңізшінің мұндай қылмысқа неліктен барғаны әзірге белгісіз.
Бұл оқиға Перл Харбор шайқасының 78 жылдығына үш күн қалғанда болды. Айта кету керек, 1941 жылы желтоқсанның 7-де осы әскери базаға шабуыл жасалғаннан кейін Құрама Штаттар Жапонияға соғыс жариялап, Екінші дүниежүзілік соғысқа енгені белгілі.
Арыстан РЫСБЕК