Алматылықтар күніне 500 тоннадан астам нан тұтынады. Ал ел көлемінде ең төмен әлеуметтік нанның бағасы ірі мегаполиске тиесілі. Қазір әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын тұрақтандыру үшін қала әкімдігі жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр.
Осының аясында алып шаһарда тағы бір жаңа әлеуметтік наубайхана іске қосылды. Себебі ас атасы халыққа қолжетімді болуы тиіс. Мұнда 100-ге жуық нанның тоқаш түрі пісіріледі. Оның алтауы әлеуметтік бағытқа негізделген. Айына 450 тонна дайын өнім шығару жоспарда бар. Жергілікті 150 адам жұмыс істейтін кәсіпорынның бір ерекшелігі ыстық пештен шыққан нандар арнайы таза экологиялық қағаздарға салынады. Айта кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда нан мен ет бағасын көтермеуді тапсырған еді.
Бауыржан ЖАҚСЫМБЕТ