Лондонда НАТО елдерінің басшылары Балтық республикалары мен Польшаны Ресейден қорғау туралы жаңартылған жоспарын бекітуге келісті. Мұны осы одақтың бас хатшысы Йенс Столтенберг мәлімдеді. Сонымен қатар, трансатлантикалық альянс Мәскеумен даулы мәселелерге қатысты диалогты әрі қарай жалғастырмақ.
НАТО-ның 70 жылдығына арналған саммитте 29 елдің лидерлері алғаш рет әскери айбыны артып келе жатқан Қытай мәселесін талқылады. Олар Бейжіңді келешекте қару-жарақты бақылау саясатына тартуға ниетті.
Жиын барысында Түркия Ресейден С-400 зымыран жүйесін сатып алғаны үшін үлкен сынға ұшырады. Столтенбергің айтуынша, Солтүстікатлантикалық одақ бұл қаруды өзінің қорғаныс аппаратына ешқашан қоспайды.
Арыстан РЫСБЕК