Австралияда бірнеше апта бойы өршіп тұрған орман өрті Сиднейге жетті. Алапат жалыннан қала шетіндегі үйлер жанып жатыр.
Қазіргі таңда Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында 130-дан астам өрт ошағы тіркелген. Оларды сөндіру үшін 2 мыңдай маман жұмылдырылды. Синоптиктердің хабарлауынша, бейсенбі күні ауа температурасы 30 градусқа дейін көтерілмек. Бұл жағдайды одан әрі ушықтыруы мүмкін. Осыған байланысты, қауіпті аудандардың 10 шақты мектебінде сабақтар доғарылды.
Айта кетсек, Австралия тілсіз жаудан бір айдан бері зардап шегіп отыр. Одан 4 адам қаза тауып, миллионнан астам алқап пен жүздеген үй жанып кетті.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ