Лондонда НАТО-ның мерекелік саммиті өтіп жатыр. Солтүстікатлантикалық одақтың 70 жылдығына арналған кездесуге осы альянсқа кіретін 29 мемлекеттің басшылары жиналды.
Олар НАТО-ның бюджетін арттыруға қатысты дауларды, болашақ қауіптерді, Қытайды және Түркияның одақтағы рөлін талқылайды.
Бұрын АҚШ президенті Дональд Трамп бұл ұйымды ескірген деп атаса, оның француз әріптесі Эммануэль Макрон НАТО-ның «мыйы өлді» деп мәлімдеген еді.
Түркияға келсек, ол трансатлантикалық одаққа 1952 жылы кіріп, НАТО-ның Таяу Шығыстағы үлкен тірегіне айналды. Бірақ, Анкара НАТО-мен кеңеспей, биыл Сирияға әскер кіргізіп, Батысқа арқа сүйеген күрд отрядтарына қарсы операция жүргізді. Сонымен қатар, Түркия Американың қарсылығына қарамастан, Ресейден С-400 зымыран кешенін сатып алып отыр.
Дегенмен, Бас хатшы Йенс Столтенбергің ойынша, Солтүстікатлантикалық альянс өз ішінде дау жалғасып жатса да күшейіп келеді.
Арыстан РЫСБЕК