Мектеп оқушыларының 90,9 пайызы жаңартылған білім беру мазмұнына көшті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мектеп оқушыларының 90,9 пайызы жаңартылған білім беру мазмұнына көшті

04.12.2019

Мектеп оқушыларының 90,9 проценті жаңартылған білім беру мазмұнына көшті. Ал мұғалімдердің 79,8 проценті жаңаша оқыту бағдарламасы бойынша дайындықтан өтті. Бірақ жаңа жүйеге көпшіліктің көңілі толмайды. Қоғамда үй тапсырмасының күрделілігі, бағалау жолдары, оқулықтардың сапасы, тақырыптың игерілу мәселелері қызу талқыланып жүр. «Ата-ана-оқушы-ұстаз» үштігі арасында түсініспеушіліктер туындап, ол нәтижеге кері әсер етуде. Сондықтан мамандар, жаңартылған білім беру жүйесінің ерекшеліктерін талдап, түсіндіріп, кеңінен насихаттау керектігін алға тартады. «Жаңартылған білім мазмұны: стратегиясы мен оқу-әдістемелік негіздері» тақырыбында өткен семинарда әдіскер-ғалымдар, сарапшылар, мұғалімдер білім сапасын жоғарылату мәселелерін талқылады. Оқу процесінің тиімділігін арттыру жолдарын ұсынды.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу