Шенеуніктер шұғыл медициналық көмек көрсетудің тәсілдерін жаппай үйреніп жатыр. Америка құрама шаттарынан келген кардиологиялық қауымдастық өкілдері министрлер мен елорда әкіміне базалық жүрек реанимациясының курсын үйретті. Еліміздің бас дәрігері Елжан Біртанов, бас мұғалім Асхат Аймағамбетов және шаһар басшысы Алтай Көлгінов денсаулығы күрт нашарлаған адамға қалай көмек көрсету қажеттігін біліп алды. Тіпті арнайы макеттерге жаттығу жасап, ем-шараның алғышарттарын меңгерді. Өйткені, қазір жүрек- қан тамыр аурулары Қазақстанда белең алуда. Жыл сайын елде 41 мың адам инсульт алады. ТМД елдері арасында кеселден қайтыс болу фактілері бойынша Қазақстан көш бастап тұр. Дертпен күресу үшін еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі америкалық кардиологиялық қауымдастықпен ынтымақтастық мемеорандумын жасасты. Осының аясында әлемде кеңінен танылған стандарттарды енгізу жоспарланып отыр.
Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ