Ақмола облысында көпбалалы отбасыларға пәтер берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында көпбалалы отбасыларға пәтер берілді

04.12.2019

Ақмола облысының Біржан сал және Жақсы аудандарында көпбалалы отбасыларға пәтер берілді. Қоныс тойын тойлағандардың қатарында әлеуметтік аз қамтылғандар да, жылдар бойы баспана кезегінде тұрғандар да бар. Мәселен, Біржан сал ауданының орталығы Степняк қаласында 90-ыншы жылдардан бері қаңырап тұрған 2 үй бастан-аяқ жөнделді. Елді мекенде қазір тағы көпқабатты үй салынып жатыр. Оның құрылысы келесі жылы аяқталмақ.

Ал Жақсы ауданында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 27 пәтерлі жаңа үй пайдалануға берілді. Баспаналар кезекте тұрғандарға, оның ішінде көпбалалы жанұяларға, балалар үйінің түлектеріне, мүмкіндігі шектеулі жандарға бұйырды. Сондай-ақ, Кировское ауылындағы серіктестік жұмысшыларына екіпәтерлі 11 үй салып берді. 

Ермек ЕЛБЕРГЕН

Хабарламаларға жазылу