Елордада 26 14 мүмкіндігі шектеулі жан тұрады. Оның 5 570-і - кәмелет жасына толмағандар. Оларға жан-жақты әлеуметтік және оңалту қызметтері көрсетіледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Жыл басынан бері 16 мыңнан астам мүгедектігі бар адамдар оңалту қызметімен қамтылды. Оларға ортопедиялық өнімдер, мүгедектер арбасы, міндетті гигиеналық және сурдо-тифло құралдар беріліп, протездік-ортопедиялық көмек, сурдокөмек көрсетіледі. Сонымен қатар, ерекше қажеттілігі бар адамдарға ымдау тілі маманы мен жеке көмекшінің қызметтері, үйде оқитын мүгедек балалары бар отбасыларға әлеуметтік көмек, шипажайлық-курорттық емдеу, Инватакси қызметтері ұсынылады. Осылайша бүгінгі таңда елордада мүмкіндігі шектеулі жандарды тасымалдау бойынша Инватакси қызметінің 36 көлігі жұмыс істеп тұр. Көліктердің 6 бірлігі мүгедек арбасын пайдаланушылар үшін («Мүгедектер конфедерациясы» РҚБ), 17 бірлігі №65 мектепте оқитын мүгедек балаларға («Мейірім» ҚҚ), 13 бірлігі мүгедектерге («Қазақ соқырлар қоғамы» ҚБ) пайдалануға берілген.
Биыл 2,5 мыңнан астам адам көлікпен қамтылды. Одан бөлек, I және II топтағы мүгедектер тұрғын үйге кезекке тұру мүмкіндігіне ие. Сондай-ақ, қатты отын сатып алуға әлеуметтік көмек жергілікті (пеш) жылытуы бар жеке тұрғын үйлерде тұратын, оның меншік иелері (жұмыс берушілер) жан басына шаққандағы кірісі жан басына шаққандағы орташа табысы 4 күнкөріс деңгейінен аспайтын мүгедектер мен мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетіледі. Жылыту маусымына өтемақы 16 айлық есептік көрсеткіш (40 400 теңге) мөлшерінде ұсынылады.
I және II топтағы мүгедектер кірістерді қоспағанда екі жылда бір рет тіс протездеуге арналған (қымбат металдардан жасалған протездерден басқа) әлеуметтік көмекті пайдалана алады. Сонымен қатар, мүгедектер күніне арналған әлеуметтік көмек 2,5 АЕК (6313 теңге) те беріледі.
Сонымен қатар, оларға өмірлік қиын жағдайдағы дәрі-дәрмектерді сатып алу және ақылы медициналық қызметтерді алуға біржолғы жылына 13 АЕК (32 825 теңге) көлеміндегі әлеуметтік көмек тағайындалады. Ал мүгедек балалар үшін тоқсанына 10 АЕК (25 250 теңге) көлемінде үйде оқытуға шығындарын өтеу үшін көмек беріледі.
Мүгедектік бойынша берілетін жәрдемақы:
- I топқа - 57 021 теңге
- II топқа - 45 438 теңге
- III топқа - 30 886 теңге
- 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға - 41 578 теңге
Бала кезінен мүгедектер, 16 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға берілетін жәрдемақы:
- І топқа - 57 021 теңге
- ІІ топқа - 47 220 теңге
- ІІІ топқа - 35 638 теңге
Арнайы мемлекеттік жеңілдіктер:
- І топқа - 3 763 теңге
- ІІ топқа - 3763 теңге
- ІІІ топқа - 1616 теңге
Мүмкіндігі шектеулі жандарға Паралимпиадалық жаттығу орталығында спортпен шұғылдану тегін.
Қажетті көмекті алу үшін Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына хабарласу керек. Байланыс телефоны: 8(717)2 55-69-90, 55-69-63,