Шоқай ауылына ауыз су берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шоқай ауылына ауыз су берілді

03.12.2019

Қарағанды облысының Осакаров ауданына қарасты Шоқай станциясындағы су құбыры биыл түгел қалыпқа келтірілді. Әбден ескірген торапты қайта жөндеу «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында жүзеге асты. Соның нәтижесінде 20 шақырымға жуық құбыр бастан-аяқ ауыстырылды. Екі бірдей сорғы станциясы салынды. Ол үшін 263 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалды. Осылайша, елді мекендегі 200-ден астам отбасы суды тасып ішу қиындығынан құтылды.

Жалпы 2019 жылы облыс бойынша «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 300 шақырым ауыз су, кәріз құбырын жаңалау жоспарланған. Соның 128 шақырымы облысқа қарасты шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер. Игерілген жалпы қаражат көлемі 8,9 миллиард теңге. Бұл жұмыстар алдағы жылы да жалғаспақ.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу