Бюджеттің салық түсімдері өсіп, кірістер жоспары артығымен орындалған. Бұл туралы бүгін Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді. Оның айтуынша, бюджет кірістері өткен жылмен салыстырғанда 14 пайызға артып, 911 миллиард теңгеге өскен. Сондай-ақ кедендік төлемдер де еселенген. Фискалдық әкімшілендіруді арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстың нәтижесінде осындай бірсыпыра оң нәтижелерге қол жеткізілген.
Ербол МӘНДІБЕК